Алматы қаласы Алатау ауданы 26 жалпы білім беретін мектепте
Алматы қаласы Алатау ауданы 26 жалпы білім беретін мектепте 16.01.2024 жылы 9-10 сыныптар арасында “ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2024” байқауы өткізілді. Мақсаты: ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жігіттерді сегіз қырлы, бір сырлы болуға, яғни, жан-жақтылыққа баулу. “ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2024” байқауына қатысып БАС ЖҮЛДЕ иеленген 10 ‘Б“ сынып оқушысы Айтақын Досымжан Өмірсерікұлы аудандық кезеңге өтті.